RU

Айзат Әбдісаматтың өліміне қатысты сот аяқталды

Бүгін Ақтөбе қалалық сотында лифтіде жаншылып қалған журналист өліміне қатысты сот үкімі шықты. Тұрғын үйдің техникалық қауіпсіздігіне жауап беретін мекеме басшыларының кінәсі сотпен дәлелденді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сот залынан фото: NUR.KZ
Сот залынан фото: NUR.KZ: UGC

Марқұм тұрған үйдегі лифтінің техникалық қауіпсіздігіне жауапты "Жәнібек сервис"  ЖШС-нің басшысы Кенен Жанабеков 4 жылға шартты түрде бостандығынан айырылды. Ал техникалық қызмет көрсететін мекеме механигі Жарылқасын Ақжанов 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шықты.

Сот залынан фото: NUR.KZ
Сот залынан фото: NUR.KZ: UGC

Сот Ақжановқа 2 млн теңге моральдық шығын төлеуді міндеттеді. Екінші сотталушы жәбірленушінің отбасына қаржылай көмек көрсеткен.

Елді дүрліктірген қайғылы жағдай Қылмыстық кодекстің 306 бап 3 бөлігімен қаралған болатын.

Сот залынан фото: NUR.KZ
Сот залынан фото: NUR.KZ: UGC

Еске сала кетсек, оқиға 4 сәуір күні Ақтөбе қаласындағы 12 мөлтек ауданында болды. Айзат Әбдісамат кешкілік үш жасар қызымен серуендеу үшін өзі тұрып жатқан жалдамалы пәтерден сыртқа шыққан.

Лифтіге бірінші кірген қызының артынан жүгірген марқұм есікке қысылып қалады. Журналист ауа жетпей оқиға орнында көз жұмған

Ал марқұмның жұбайы оқиғаның қалай болғанын айтып берген.

Марқұм Айзат Әбдісамат жергілікті телеарнада таңғы және балалар бағдарламасын жүргізген болатын.

Ал журналистің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758851-ajzat-bdisamatty-limine-katysty-sot-aaktaldy/