Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада бір апта бұрын жоғалып кеткен оқушы ойын клубынан табылды

Жарияланған күні:

Астанада осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен 10-шы сынып оқушысы табылды. Тәртіп сақшылары Болат Қожамжарды елордалық компьютер клубтарының бірінен анықтаған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ и 2gis.kz
Фото: NUR.KZ и 2gis.kz: Facebook

Жеткіншек күні кеше сағат 18:00 шамасында табылған. Анықталғандай, оқушы орын алған отбасылық жағдайға байланысты үйінен ренжіп шығып кеткен.

Оқиғаға қатысты жасөспірім оқитын мектеп өкілдері пікір білдірген.

"Болатты Хазірет сұлтан мешітінің қасында орналасқан ойын клубынан тапты. Баланың денсаулығы мен жағдайы жақсы. Еш жерінде зақым жоқ. Үйінде орын алған бір жағдайға байланысты ренжіп далаға шығып кеткен. Бір апта бойы ол уақытын ойын клубтарында өткізген. Оған қоса, оқушы ұялы телефонын сатып жіберген. Болат өзінің балалықпен істелген қателігін толықтай мойындап, бүкіл елді дүрліктіргені үшін қатты ұялатынын жеткізді. Бүгінде бала ата-анасының қасында. Ол мамандардың қажетті көмегін алып жатыр" , - деді мектеп директорының орынбасары Зада Рахманова.

Сонымен қатар, мектеп өкілдері 10-шы сынып оқушысын іздеп табуда үлкен жұмыс атқарған полицейлерге алғыс білдірді.

"Біз бүкіл ұжымның атынан баланың табылуында елеулі рөл атқарған елордадағы Алматы аудандық полиция департаментінің тәртіп сақшыларына рахмет айтамыз. Олар үлкен жұмыс атқарды" , - деді мектеп өкілі.

Оған қоса, Болат Қожамжардың табылуына ақтөбелік көріпкелдің де үлесі зор болған.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жоғалып кеткен оқушының бес күннен бері табылмай жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778950-astanada-bir-apta-bryn-zogalyp-ketken-okusy-ojyn-klubynan-tabyldy/