Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулықтар ат мінгізді: Дүйсембаев қызметінен босатылды

Опубликовано:

Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаев желіде тараған шулы видеосынан кейін қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Аян Дүйсенбаев. Видеодан кадр
Фото: Аян Дүйсенбаев. Видеодан кадр: UGC
"Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Қызметтік этиканы бұзғаны үшін А. С. Дүйсембаев Атырау облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, желіде Атырау облыстық полиция департаменті басшысының өзіне сыйлыққа әкелген жылқыға отырған видеосы тарады.

Бұл бейнежазбаға назар аударған президент оны ережеге сай келмейтін әрекеті үшін қатаң жазалауды ұсынды.

Артынша желіде тұрғындардың Дүйсембаев сыйлықты қабылдамағаны туралы жазған петициясы пайда болды.

Айта кетейік, бүгін Атырау облыстық полиция департаменті басшылығы Ұлттық бюро қызметкерлері автокөліктерін тоқтатқанда түсірілген видеодан кейінгі тексерістен соң жазаға тартылды. Одан бөлек, бес полицей жүмыстан қуылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794948-atyrau-oblysy-policia-bassysy-zylkymen-taragan-videodan-so-kyzmetinen-bosatyldy/

pixel