jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Тұрғындарды алып кету үшін Арысқа бес рет барған азамат елді тәнті етті

: Facebook

Жалғас есімді ер адам тұрғындарға көмектесу үшін Арысқа бес рет барған. Шымкент тұрғыны бастапқыда туыстарын алып кету үшін Алматыдан Арысқа барған, бірақ соңында жолдағы адамдардың бәрін тасыған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өзін қаһарман санамайды": Ер адам тұрғындарты алып кету үшін Арысқа бес рет барған
Фото: Ғаламтордағы ашық дереккөздерден алынды: Facebook

Бұл туралы Facebook парақшасында Еркін Қахаров жазды. Оның сөзінше, ер адам жарылыстар туралы хабарды ала салысымен Арысқа аттанған.

Жалғас әскери қызметте істейді екен. Ол жалпы 40 адамды оқиға орнынан алып шыққан.

Оларды Шымкентке жеткізіп, өзінің және әпкесінің үйіне орналастырған. Қазір Жалғас оларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр.

"Ол өзін қаһарман санамайды. Ал мен үндемей игі іс жасаған адамдардың көп екенін көріп, ішімді мақтаныш кернеді. Олардың істерін ешкім білмейді. Онымен танысқаныма қуаныштымын", - деп жазды Қахаров.

Еске сала кетейік, кеше Арыста бірнеше жойқын жарылыс орын алып, қала тұрғындары шаһардан жаппай көшілірген еді.

Ішкі істер министрлігі бүгінде апаттан екі адам қайтыс болғанын мәлімдеді.

Күні кеше ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа өзі барып, қала тұрғындарының жай-күйін біліп қайтқан еді. Президент зардап шеккен тұрғындарға бір күндік жалақысын аударды.

Сондай-ақ, ол жойқын жарылыстан зардап шеккендер үйлерді аралаған еді.

Жамбыл облысынан Арысқа 40 тонна азық-түлік жіберілді.

ІІМ вице-министрі Юрий Ильин тұрғындардың не себепті өз беттерімен қашқанын түсіндіріп өтті.

Тұрғындарды алып кету үшін Арысқа бес рет барған азамат елді тәнті етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.