Апта жаңалықтары: Сириядан келген әйел, "Теңіздегі" төбелес, Арыстағы жарылыс
Опубликовано:
Апта жаңалықтары: 24-30 маусым аралығында болған басты оқиғалар

"Шөп жұлып жедік": Сириядан елге оралған келіншек жантүршігерлік жайттарды баяндады>>
Табаны туған жердің топырағына төрт жылдан кейін тиген ананың екі баласы да соғыс даласында дүниеге келген.
"Теңізде" төбелес бастаған жігіттерге қатысты қылмыстық тексеріс басталды>>
Төбелесті бастаған азаматтардың аты-жөні мен оларға қатысты ақпараттар анықталған. Тәртіп сақшылары оқиға орнында жұмыс істеуді жалғастырып жатыр.
Арыстағы жарылыс полиция қызметкерінің 16 адамнан тұратын отбасын ойрандаған>>
Арыс аудандық полиция бөлімі уақытша ұстау изоляторының полицейі Бағлан Жарылқасымов сол күні болған жағдайдың мән-жайын баяндап берді.
Шайтанмен жүздескенін айтқан ақтөбелік жүргізуші оқиғасымен бөлісті>>
Адам кейпіне енген мақұлық жолаушыларға тұрғындары көшіп кеткен бұзылған ауылдан кездескен екен.
"Әкімі қайда?": Арыстың басшысы шеруге неге бармағанын түсіндірді (видео)>>
Қала әкімі Мұрат Қадырбек жарылыс орын алған соң Арысты жарылғыш заттардан тазалау жұмыстарына білек-сыбана кірісіп кеткен. Өз сөзінде әкім төтенше жағдай орын алған сәтті де есіне түсіріп, ашуға булыққан халыққа басу айта алмауының себебін де түсіндірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803056-apta-zaalyktary-siriadan-kelgen-jel-teizdegi-tbeles-arystagy-zarylys/