Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте үш жасар қыз баланың анасы оның тұншығып көз жұмғанына сенбейді

Опубликовано:

Шымкентте үйдің маңайындағы қараусыз қалған гараждан 3 жасар қыздың мәйіті табылған еді. Марқұмның ата-анасы қайғылы оқиғаға қатысты полиция нұсқасына сенбей, өз нұсқасын айтуда деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан үзінді
Фото: Видеодан үзінді: UGC

Қазір тергеушілер кішкентай қыздың өлімінің мән-жайын анықтап жатыр. Бала серуенге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Біраз уақыттан кейін оның жансыз денесі гараждардың бірінен табылды.

Бұған дейін полицияда бір болжам айтылды. Олардың мәліметінше, сәби құлау кезінде өз құсығына тұншығып көз жұмуы мүмкін.

Алайда, ата-ана бұған сенбейді, олар қыздарын біреудің қолынан қаза тапты деп санайды.

Қыздың әпкесі бірінші болып дабыл қағып, оны іздеуге аттанған. Екі сағат өткеннен кейін оның көз алдына жантүршігерлік бейне көрінді.

"Ол аяғын керіп жатты, үстінде іш киімі болмады. Үстіндегі киімі де жоғары түріліп тұрды. Аяғы мен беті көгала болды. Не істерімді білмедім. Абдырап қалдым", - дейді әйел адам.

Содан кейін бала үйіне жеткізіліп, полиция шақырылды.

Туыстары жазатайым оқиға орын алуы мүмкін дегенге сенуден бас тартады. Олар барлық белгілер оның өлтірілгенін айғақтайды деп санайды.

"Мен ол өз құсығына тұншығып кетті дегенге сенбеймін. Оның іш киімі жоқ еді. Денесі бәрі көгеріп кеткен, тұншыққанда бұлай болуы мүмкін емес. Менің баламды біреу өлтірді деп ойлаймын және оны кім жасағанын тауып, жазалауын талап етемін", - дейді марқұмның анасы.

Дереккөз: КТК

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласындағы қараусыз қалған гараждардың бірінде отбасы тұратын жатақханаға жақын орналасқан қыздың мәйіті табылғаны белгілі болды. Бұл орын қаладағы криминалдық жерлердің бірі болып саналады.

Полиция қызметкерлері өлімнің алдын ала себебін айтты. Олардың мәліметтері бойынша, сараптама нәтижесі сәбидің өз құсығына тұншығып, қайтыс болуы мүмкін. Денедегі зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806520-symkentte-s-zasar-kyz-balany-tuystary-ony-tnsygyp-lgenine-senbejdi/

pixel