Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Садриддин Ахмедов пен КешYou-дің бұрынғы әншісі шаңырақ көтерді (фото, видео)

Опубликовано:

WBC нұсқасы бойынша жастар арасында бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедов шаңырақ көтерді. Қазақстандық боксшының таңдауы КешYou тобында бұрын өнер көрсеткен Ақбота Құрманғали есімді аруға түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жас жұбайлардың тойы Нұр-Сұлтан қаласында өткен.

Тойға жиналған қауымның арасынан танымал боксшылар Ибрагим Ескендір, Бақтияр Артаев, Мадияр Ашкеевті байқауға болады. Оған қоса, екі жастың қуанышына ағайынды Заңғар мен Қайрат Нұртас та келген. Олар үйлену тойда өз өнерлерін паш еткен.

Желідегілер жас жұбайларға бақыт тілеп, ақ тілегін жаудыруда.

Еске сала кетейік, кәсіпқой мансабында әлі жеңіліс таппаған Садриддин айдай сұлу қалыңдығын 22 шілдеде ұзатып алған. Той Алматы қаласында өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809215-sadriddin-ahmedov-pen-kesyou-bryngy-nsisi-tojlaryn-drkiretip-tkizdi-foto-video/

pixel