Плакат ұстаған тұрғындар Нұр-Сұлтан көшелерімен жүріп өтті (фото)
Опубликовано:
Астана тұрғындары қолдарына плакат ұстап қала көшелерімен жүріп өтті. Куәгерлердің оқиға орнынан түсірген видеожазбалары әлеуметтік желілерде пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жарияланған кадрларға қарағанда, олаар Нұр-Сұлтан әкімдігінің жанында және Республика даңғылының бойында жүрген.
Видеолардың бірінің сипаттамасында бір топ адамның ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке дейін жүріп өткені айтылған.

Плакаттардың мазмұнына қарағанда, астаналықтар Қазақстанда 55 қытай зауытының ашылуына наразылық білдірген көрінеді.
Жақында аталған ақпаратты Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарған болатын.

Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі Zakon.kz порталына хабарлағандай, Қоғамдық даму басқармасының жетекшісі Талған Рахымберді жиналған адамдарға рұқсат етілмеген демонстрациялар мен митингілердің заңсыз екенін түсіндірді.
Қазіргі уақытта адамдардың тарағаны мәлім болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814544-plakat-stagan-trgyndar-nr-sltan-kselerimen-zrip-tti-foto/