Отандық жұлдыздар Ержан Максимді жаппай құттықтап жатыр (фото)
Опубликовано:
Күні кеше қазақстандық жас орындаушы Ержан Максим Польшада өткен "Балалар Евровидениесінде" екінші орын иеленді. Осы орайда отандық эстрада жұлдыздары отандасымызды жүлделі орнымен құттықтап, ақ тілектерін білдіріп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.
![Коллаж: KAZ.NUR.KZ Коллаж: KAZ.NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/db11341d1dede3a9.jpeg)
Өнердегі інісін әлемге танымал Димаш Құдайберген алғашқылардың бірі болып құттықтады.
"Құлыншақ, жеңісің құтты болсын! Екінші орын емес мен үшін бірінші орын деп білемін! Жарайсың балапан!", - деп жазды ол.
Әнші жазбасының астында қазақстандық өнерпазды Игорь Крутой да құттықтап үлгерді.
"Құттықтаймын", - деп жазды ол.
Ержан Максимге ақ тілегін білдіргендер қатарында 2014 жылы Turkvision байқауында топ жарған Жанар Дұғалова да бар.
"Ержан! Көөөп рахмет саған, балапан! Сен біздің мақтанышымызсың! Урррра!", - деп жазды әнші.
Жас орындаушыға Ақбота Керімбекова да ақ тілегін арнады.
"Жеңіс құтты болсын қазақ елі. Ержан баламызды Аллам тіл көзден сақтап, бүкіл әлемнің жұлдызы болуды нәсіп етсін", - деп жазды ол.
Ал Мадина Сәдуақасова Ержанмен бірге түскен суретін жариялап, оның жеңімпаз деп санайтынын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828781-otandyk-zldyzdar-erzan-maksimdi-zappaj-kttyktap-zatyr-foto/