Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдік көшбасшылардың алдында экология мәселесін көтерген оқушы "жыл адамы" атанды

Опубликовано:

Әлемдік беделді басылым Time журналының нұсқасы бойынша шведтік эко белсенді Грета Тунберг "Жыл адамы-2019" атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Грета Тунберг. Фото: instagram.com/gretathunberg
Грета Тунберг. Фото: instagram.com/gretathunberg: Depositphotos
"Климаттық өзгерістермен күресіп жүрген жасөспірім белсенді Грета Тунберг Time журналының нұсқасы бойынша "Жыл адамы-2019" атағына лайық деп танылды. Осылайша ол осы атақты алған 92 жылдық тарихтағы ең жас тұлға болып отыр", - дейді журнал редакторы.

Айта кетейік, 1923 жылы негізі қаланған америкалық Time журналы 1927 жылдан бері әр жыл сайын журналдың желтоқсан айындағы шығарылымында "жыл адамының" есімін атайды. Бұл атаққа ең алғаш рет ұшқыш Чарльз Линдберг ие болған.

Ол тарихта тұңғыш рет жалғыз өзі Атлантиканы ұшып өткен ұшқыш саналады.

Ал Грета Тунбергке келер болсақ 16 жастағы мектеп оқушысы 2018 жылы сабақтың орнына швед парламентіне келіп, климаттың өзгеруіне қатысты шараларды күшейтуді талап етуімен танымал бола бастады.

Оның бастамасы тіпті, жұма сайын өтетін климатқа қатысты FridaysForFuture ереуілінен халықаралық қозғалысқа ұласты.

Ал биыл БҰҰ-да сөз сөйлеп, осы жаһандық климат мәселесін көтерген Грета әлемдік көшбасшыларды "балалығымды ұрладыңдар" деп кінәлаған болатын.

Ал Нью-Йорк-те өткен бұл жиынға жасөспірім қыз ұшақты пайдаланбай яхтамен келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831490-lemdik-ksbassylardy-aldynda-ekologia-mselesin-ktergen-okusy-zyl-adamy-atandy/

pixel