12 жыл отасқан күйеуі көзіне шөп салған келіншек ауру жұқтырып алған
Жарияланған күні:
Күйеуімен 12 жыл отасқан келіншек жолдасынан қауіпті инфекция жұқтырып алған. Айтуынша, әжептеуір қызметте істейтін ол отағасын жеңіл жүрісті қыздарға барады деп ойламапты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Алаш айнасына сілтеме жасап.
Келіншектің сөзінше, ол бұған дейін ажырасамын деп мүлдем ойламапты. Алайда өзі сенген күйеуінің көзіне шөп салғаны әйелдің жанына қатты батқан. Енді ол ерінің опасыздығын кешіре алмай, көпшіліктен кеңес сұрап отыр.
"Жолдасыммен 12 жыл бірге тұрдық. Екі бала тәрбиелеп өсірдік. Басымызда үйіміз де, астымызда көлігіміз де бар. Былайша айтқанда жұрт қызығарлықтай өміріміз бар болатын. Өзім мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімімін. Жолдасым қаладағы институттардың бірінде ғылыми қызметкер болатын.
Әжептәуір қызметі бар күйеуімді көшедегі қыздарға барады, жеңіл жүрісті қыздардан ауру жұқтырып алады деп мүлдем ойламаппын. Осыдан үш ай бұрын ауырып, гинекологқа көрінгенімде, ақылы медициналық орталыққа барып, анализ тапсыруға нұсқау берді. Жанұшырып барып тапсырып, қортындысын білгенде шалқамнан түсе жаздадым.
Жолдасымнан жыныстық қатынас арқылы жұғатын ауру жұқтырыппын. Айтқан сәтте-ақ жолдасым мойындады. Үш ай емделіп, талай ақшамды шашып жүріп, қазір ауруды жеңгендеймін. Алайда әлі екі апта сайын анализ тапсырып жүрмін. Бір айдай болды, көңілім суып, ақыры бірге тұра алмайтыныма көзім жеткен соң, ажырастық.
Ресми ажырасуға арыз да түсіріп қойдым. Туған туыстың барлығы «не болды» деп сұрайды. Не деп айтарымды да білмеймін. Өзі қайта қайта келіп кешірім сұрап жүр. Өзі де емдеу курсынан өтіп жүр екен. Бірақ кешіре алар емеспін. Осы оқиғадан кейін өзімді қатты тастап жібердім. Жаңа оқу жылында жұмысқа да ынтам болмады.
Алдың күні қайынапайым келіп «осы жасқа келгенде қаңғып көшеде жүре ме, дос бар, дұшпан бар. Келісімге келіңдер. Татуласыңдар» деп кетті. Бірақ бетіне де қарай алар емеспін. Қызым 11 жаста, ұлым 9 жаста. Ұрысымыздың шет жағасын естіген секілді. Көңіл күйлері жоқ.
Не істерімді білмеймін. Опасыздықты кешіруге бола ма? Ұрыс кезінде байқағаным көзіме шөп салып жүргеніне біршама уақыт өтіпті. Не істеуге болады? Көзіме шөп салғаны аздай, қауіпті инфекцияны маған да жұқтырғаны жаныма батады", - деді келіншек.
Айта кетсек, күйеуімен шаңырақ көтергеніне бес жылдан асқан келіншек жолдасының басқа қыздармен сөйлесіп жүргенін біліп қойған. Оның сөзінше, әйелдің жанына "намаз оқы" деп жүрген күйеуінің опасыздығы қатты батқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833089-12-zyl-otaskan-kjeui-kzine-sp-salgan-kelinsek-auru-zktyryp-algan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.