jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақша ән салған теміртаулық фельдшер ару дауысымен көпті тәнті етті

: Facebook

Теміртаулық 22 жастағы фельдшер Ульяна Кислицына қазақ тілінде ән орындап, желідегілердің алғысына бөленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Бойжеткен жұмыс орнында "Асыл әжем" әнін орындаған. Оны әріптестері видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

Бейнежазба insta_juldyzdar_kaz Instagram парақшасы арқылы қалың көпшілікке ұсынылған.

Роликті көрген оқырмандар медицина қызметкерінің өнеріне тәнті болып, оған жылы сөздерін жаудырған.

"Қазақ қызы емес сияқты, жарайсың!", "Жарайсың", Өте жақсы айтады, дауысы керемет", "Біздің кейбір әншілерден әдемі айтады", "Әлі-ақ жұлдызың жанады", - десті желідегілер.

Тengrinews.kz жазуынша, 22 жастағы Ульянаның айтуынша, бастапқыда ол көпшілік дұрыс түсінбейтіндіктен жұмыс орнында видео түсіруден үзілді-кесілді бас тартыпты.

Дегенмен Ульяна әріптестерінің көндіруімен ән салып, видео түсірген. Алайда ол бейнежазбаны желіге жариялайды деп ойламапты.

Бойжеткен жарты жылдан бері жедел жәрдемде фельдшер болып қызмет етеді. Күйеуімен бірге Теміртау қаласында тұрады.

"Барлық-барлық адамдарға көмектесу - менің арманым. Бұл мамандықты таңдағаныма бір де бір рет өкінген емеспін. Мен үшін ең бастысы - жеңілдеген адамдардың күлкісін көру. Музыкаға келсек, менің музыкалық білімім жоқ, вокалмен айналыспағанмын. Жай бала кезімнен ән айтқанды жақсы көремін", - деді фельдшер.

Айта кетсек, танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұлына қалай намаз оқуды үйреткен видеосын желіде жариялап, оқырмандарының жүрегін елжіреткен еді.

Қазақша ән салған теміртаулық фельдшер ару дауысымен көпті тәнті етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.