Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40 жастағы Өзбекстан тұрғыны Нурмагамедовты жекпе-жекке шақырды

Опубликовано:

Өзбекстанның Бұхар облысы Пешкун ауданының тұрғыны ел президенті Шавкат Мирзиеевке жүгініп, UFC чемпионы Хабиб Нурмагамедовпен жекпе-жек ұйымдастырып беруін сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Хабиб Нурмагомедов. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Хабиб Нурмагомедов. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Өз хатында 40 жастағы ер адам бұрын мұндай жекпе-жекке шығуға тырыспағанын, енді бұл мақсатына президент арқылы қол жеткізгісі келетінін атап өткен.

Айтуынша, ол кездесу болатын болса, өзінің де, Хабибтің де медициналық тексеруден өтуін талап етпекші.

Айта кетейік, қыркүйек айында қайырымдылық аукционында жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нұрмагомедовтің 100 мың долларға сатылған жейдесі Өзбекстан президентінің күйеу баласы Отабек Умаровтың клубында ілініп тұрғаны белгілі болды.

Президент қауіпсіздігі қызметінің басшыларының бірі, Өзбекстан аралас жекпе-жек (MMA) қауымдастығының басшысы Умаров журналистерге "Хабибтің жейдесін сыйлыққа алғанын" айтқан, бірақ оны сыйға тартқан адамның есімін атамауды жөн көрген.

Еске сала кетейік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов жақында оңтүстік астанаға келіп, "Алматы Аренада" Gorilla Fighting Championship 23 турнирінің құрметті қонағы болды.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген ол Қазақстанды екінші отанына теңеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835166-40-zastagy-zbekstan-trgyny-nurmagamedovty-zekpe-zekke-sakyrdy/

pixel