Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа байланысты Қытайдағы қазақстандықтар үшін шұғыл желі ашылды

Опубликовано:

Еліміздің сыртқы саясат ведомствосының қызметкерлері коронавирусқа байланысты шұғыл желі ашық екенін хабарлады деп жазды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Шұғыл желіге елдегі қазақстандықтар жүгіне алады.

Жұмыс уақытында қазақстандықтар төмендегі нөмірлерге хабарласа алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93

Жұмыс уақыты емес және демалыс күндері мына нөмірге хабарласуға болады: +7 (7172) 72-01-11

Сондай-ақ, Қытай аумағында қалған азаматтар да Бейжіңдегі Қазақстан елшілігінен тәулік бойы жұмыс істейтін шұғыл желіге хабарласуларына болады.

ҚХР-да қалған қазақстандықтарға арналған байланыс нөмірі: +86 10 65324189.

СІМ берген ақпаратқа сәйкес, шұғыл желі тәулігіне 24 сағат бойы қоңырау қабылдайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайдан елге 28 858 адамның келгені айтылды. Олардың арасында Қазақстан азаматтарынан бөлек, шетел азаматтары да бар.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, көрші елден келген 23 адамның дене қызуы жоғары екені анықталған. Оның ішінде төрт адам ауруханаға жатқызылған. Науқастардан қан сынамасы алынып, үш күн бойы жан-жақты диагностика жасалады.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанға Бейжіңнен ұшып келген балақайдың да ауруханаға жатқызылғаны хабарланды. Кішкентай қыздың да дене қызуы көтерілген.

Сонымен бірге Елжан Біртанов Қазақстанда 4,5 мың адамға арналған резервтік ауруханалар құрылғанын жеткізді. Бұндай шара коронавирус тарала бастаған сәттен қабылданған.

Ведомство басшысы жаттығулар еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен дәрігерлер оқуды жалғастырды деп сендірді.

Одан бөлек, Қазақстанда короновирус жұқтырған мен вирусты жұқтырды деген күдікке ілінген науқастар көбейген жағдайда қосымша қаржы сұралатынын ескертті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838233-koronaviruska-bajlanysty-kytajdagy-kazakstandyktar-sin-sgyl-zeli-asyldy/

pixel