Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЛГБТ митингісін өткізу туралы жазылған өтініш шымкенттіктердің шамына тиді

Жарияланған күні:

Әлеуметтік желілер мен WhatsApp қолданушыларының арасында Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтың атына жазылған өтініш тарап жатыр. Хатта ЛГБТ қоғамдастығының құқығын қорғау үшін қалада бейбіт митинг өткізуге рұқсат сұралған. Әкімдік жағдайға қатысты түсінік берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

лгбтт
Көрнекі сурет: Tristan Fewings/Getty Images: Depositphotos

Желіде тараған өтінішке "ERKIN ZHUREK" қоғамдық қозғалысының төрағасы қол қойған. Тегі Искаков деп көрсетілген.

"Құрметті Мұрат Дүйсенбекұлы, сізден ЛГБТ қауымдастығы өкілдерінің құқығын қорғауды насихаттау үшін 2020 жылдың 15 сәуірінде бейбіт шеру өткізу үшін Шымкент қаласынан алаң беруді сұраймыз", - делінген өтініште.

Таралған сурет шымкенттіктердің арасында біраз дау туғызған. Кейбіреулер бұл әлдекімнің жай ғана ойыны десе, енді бірі "масқара" деп наразылықтарын білдірген. Ал үшінші бір топ қала басшысы бұл шараға ешқашан рұқсат бермейтініне сенімді.

лгбтт
Желіде тараған өтініш: Instagram

Өз кезегінде Шымкент әкімі баспасөз қызметі қала басшысының атына мұндай өтініш келмегенін мәлімдеді.

Әдетте қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың әлеуметтік желілерде өз прақшалары болады. Алайда ғаламтор бетінде "ERKIN ZHUREK" туралы ешбір ақпарат жоқ.

Еске сала кетсек, өткен жылдың тамыз айында еліміздің екі бірдей мегаполисі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ЛГБТ өкілдері бейбіт шеру өткізу үшін қала басшылығынан рұқсат сұраған еді.

Алайда екі қаланың да әкімдігі митингке рұқсат берген жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842854-lgbt-mitingisin-tkizu-turaly-zazylgan-tinis-symkenttikterdi-samyna-tidi/