Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы ұсталды

Опубликовано:

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының қызметін уақытша атқарушы шенеунік ұсталды. Ол ірі көлемде пара алған болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

задержан
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Күдікті қолға түскенше сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жедел департаменті басшысының міндетін уақытша атқарған. Оның заң бұзғандығын агенттік қызметкерлері анықтаған деп жазады Sputnik Қазақстан.

Мемлекеттік қызметкер аса ірі көлемде пара алған болуы мүмкін. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ал күдікті Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол сол жерде тергеу жұмыстары аяқталғанша отырады. Ал тергеу жұмыстары агенттік төрағасының жеке бақылауында.

Заңға қайшы келетіндіктен өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысында Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшылығы "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша бөлінген 45 млн теңгені жымқырды деп айыпталып жатқаны хабарланды.

Сонымен бірге, жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Қостанай облысы көліктік бақылау инспекциясы басшысының кезекті пара алу үстінде ұсталғанын хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846800-kyzylordada-zemkorlykka-karsy-kyzmet-departamentini-bassysy-staldy/

pixel