RU

Қазақстанда саяси партияларды тіркеу тәртібі жеңілдейді

Парламент мәжілісінің депутаттары саяси партияны тіркеу үшін оның мүшелерінің санын 40 мыңнан 20 мыңға дейін азайтуды көздейтін заң жобасын бірауыздан мақұлдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: khabar.kz
Фото: khabar.kz: Facebook
"Заң жобасында саяси партияларды тіркеу үшін оған мүше адамдар санын 40 мыңнан 20 мыңға дейін азайту ұсынылады. Бұл ұсыныс саяси партияларды құру тәртібін жеңілдетеді, сондай-ақ мемлекеттік шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестеріне оң әсерін тигізеді", – деп атап өтті әділет министрі Марат Бекетаев.

Бұған қоса, партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін кемінде 30 процент квота енгізу көзделген.

"Жалпы, осы заңнамалық бастамалар әйелдер мен жастарды қоғамның саяси өміріне белсене қатысуға, сондай-ақ көппартиялық жүйені одан әрі қалыптастыруға оң ықпал етеді", – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, партияларға әйелдер мен жастар арасында квотаны бөлуге қатысты қатаң шектеу қойылмайды. Партиялар тізімді өз қалауымен қалыптастыруға және мандаттарды бөлуге құқылы.

Еске сала кетейік, бұған дейін парламент төменгі палатасының депутаттары елдегі митингілерді өткізу тәртібін реттейтін заң жобасын мақұлдаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852245-kazakstanda-saasi-partialardy-tirkeu-trtibi-zeildejdi/