Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы туыстарын іздейді (фото)

Опубликовано:

Америкалықтар асырап алған қазақстандық бала Өскемендегі туыстарын іздейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Facebook желісіндегі Kazakh American Association парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: facebook.com/groups/KazakhAmericanAssociation
Фото: facebook.com/groups/KazakhAmericanAssociation: Getty Images

Туыстарына іздеу салған бозбала 2001 жылы дүниеге келген. 2002 жылы оны америкалық жанұя асырап алған. Қазір оның аты-жөні Теодор Уолтон.

Фото: facebook.com/groups/KazakhAmericanAssociation
Фото: facebook.com/groups/KazakhAmericanAssociation: Instagram
"Сәлем! Мен өзімнің туған жанұям жайлы ақпарат таба аламын деп үміттенемін! Мені асырап алған және жақында қазақстандық отбасымның суретін тауып алдық. Өскемен қаласында туғанмын, суреттегі ағам мен әпкемді іздеймін. Бұл табуға көмектессе, менің қазақша аты-жөнім Марат Оразғалиев Тоқтарұлы. Сонымен қатар керек бола қалар деген оймен суреттердің бірінде биологиялық ата-анамның есімдерін қалдырамын. Кез келген көмек үшін рахмет айтамын", - дейді Теодор.
Фото: facebook.com/groups/KazakhAmericanAssociation
Фото: facebook.com/groups/KazakhAmericanAssociation: Twitter

Еске сала кетсек, бұған дейін Қырғызстан азаматшасы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының біріне анасын іздеуге көмектесулерін сұрап, хат жазған хабарлаған едік.

Әйел адамның сөзінше, оның шешесі Көкшетауда тұруы мүмкін. 30 жылдан аса уақыт өтсе де, ол өзіне жарық дүние сыйлаған адамды іздеуді жөн көріпті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856279-amerikalyktar-asyrap-algan-kazak-balasy-tuystaryn-izdejdi-foto/

pixel