Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы Грузия елшісі коронавирус жұқтырды

Жарияланған күні:

Қазақстандағы Грузия елшісі Зураб Абашидзе COVID-19 инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы Грузия сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қазақстандағы Грузия елшісі коронавирус жұқтырды
Зураб Абашидзе. Фото: Facebook: Facebook
"Коронавирус расталды. Ол Қазақстанда тиісті мамандардың бақылауында ем қабылдауда. Өз тарапынан грузиялық медицина қызметкерлері де тұрақты байланыс жасап жатыр", - деді ведомство өкілі.

Айта кетейік, күні кеше елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Осы жылдың сәуір айында COVID-19-ды Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы және бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров жұқтырды. 2 маусым күні ол дертінен айығып, өз қызметіне кірісті.

Ал 7 маусым күні президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли алдын алу шараларын сақтағанымен, коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеді. Кейін ол өзінің хал- жағдайы туралы айтып берді.

Өткен жұмада мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның да коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскені белгілі болды.

Сонымен қатар, таяуда Теміртау әкімі Ғалым Әшімовтен де COVID-19 анықталды. Әкім 10 күн ішінде айығып, өз жұмысына қайта оралды.

Бірнеше күн бұрын Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың да коронавирус диагнозымен ауруханаға түскені белгілі болды.

Өткен жексенбіде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Ол Нұр-Сұлтан қаласында ауруханада жатыр.

Ал коронавирус инфекциясын жұқтырған Атырау облысының бұрынғы бас санитар дәрігері Темірбек Мұсағалиев ауруханада орын жоқ болғандықтан, үйден емделуде.

Күні кеше премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтан коронавирус инфекциясы анықталса, бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Аукеновте, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергенде COVID-19 диагнозы расталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861309-kazakstandagy-gruzia-elsisi-koronavirus-zktyrdy/