RU

Тағы 569 жағдай: Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 20 мыңнан асты

Өткен тәулікте тағы 569 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 20319-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC
"26 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 47, Алматы қаласы - 73, Шымкент қаласы - 58, Ақмола облысы - 20, Ақтөбе облысы - 33, Алматы облысы - 17, Шығыс Қазақстан облысы - 40, Жамбыл облысы - 13, Батыс Қазақстан облысы - 40, Қарағанды облысы - 48, Қостанай облысы - 31, Қызылорда облысы - 11, Маңғыстау облысы - 5, Павлодар облысы - 37, Солтүстік Қазақстан облысы - 37, Түркістан облысында - 59 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен тәулікте Қазақстан бойынша өсім 2,9 пайызды құрады", - делінген хабарламада.

Соңғы дерек бойынша елімізде қауіпті дертті 12 мыңнан астам науқас жеңіп шықса, 150-і вирус салдарынан көз жұмған. Соңғы өлім жағдайлары Солтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.

Еске салсақ, бұған дейін Қамалжан Надыров Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарласа, шаһардағы HalykArena және Алматы Arena спорт кешендерінің базасында инфекциялық стационар ашылатынын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862399-tagy-569-zagdaj-kazakstanda-koronaviruspen-auyrgandar-sany-20-mynan-asty/