RU

Көшеде маскасыз жүрген қазақстандықтарға айыппұл салына ма

Әділет министрі Марат Бекетаев көшеде маскасыз жүргендерге айыппұл салудың заңдылығы туралы сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Полиция қызметкерлері дүкенге немесе дәріханаға маска тақпай шыққан адамдарға айыппұл сала ала ма?", – деп сұрады қазақстандықтар министрден.

Марат Бекетаев өз кезегінде көшеге маскасыз шыққан адамдар әкімшілік жауапкершілік тартылмайтынын атап өтті.

Ал егер дәріханаға немесе дүкенге қорғаныс заттарынсыз кірсе – бұл жағдайда жауапкершілік қарастырылған. Себебі бұл жабық бөлмелер, ондай жерлерде коронавирус жұқтыру қаупі көшеге қарағанда жоғары болады.

Министрдің айтуынша, карантинге байланысты қазақстандықтарға, бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдарға қосымша шектеулер мен міндеттер жүктелген. Оларды бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған.

Ал егер бір адамның карантин талаптарын сақтамай, біреу вирус жұқтырып, соның салдарынан қайтыс болса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Ведомство басшысы қазақстандықтарды әлеуметтік арақашықтық сақтап, маска тағып, дезинфекциялық құралдармен қол жуып тұруға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Микробиология және вирусология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Толқын Бегадилова коронавирусқа қарсы вакцина шамамен қашан дайын болатынын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865100-ksede-maskasyz-zrgen-kazakstandyktarga-ajyppl-salyna-ma/