RU

Грузия ІІМ жоғалған алматылық баланы іздеу жұмыстарын бақылауға алды

Грузияда жоғалған жеткіншекті іздеу жұмыстары аталған елдің ішкі істер министрлігінің бақылауында. Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы баланың анасын Грузияға жеткізу үшін шаралар қабылдауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Илья Пилпани. Фото: Sputnik Грузия / courtesy of Ksenia Pilpan
Илья Пилпани. Фото: Sputnik Грузия / courtesy of Ksenia Pilpan: UGC

Еске сала кетейік, Грузиядағы туыстарына қонаққа барып, карантинге байланысты ұзақ уақытқа қалып қойған 13 жастағы алматылық Илья Пилпани жоғалып кетті. Ол 18 шілде күні велосипедпен серуендеу үшін үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қазір Грузиядағы Қазақстан елшілігінің жергілікті ішкі істери министрлігімен байланысқаны белгілі болды. Енді баланы іздеу жұмыстары грузялық құқық қорғаушылардың бақылауында деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Қазақстанның сырқы істер министрлігі мәлім еткендей, қазір бүкіл жерде шекаралардың жабылуына қарамастан, баланың анасын Грузяға жеткізуге көмек көрсетілуде. Илья және оның ата-анасы Қазақстан азаматтары болып табылады.

Отбасының туысы Евгения Гладырьдің айтуынша, баланың анасы қазір уақытша Дубайда жұмыс істеп жүр. Жеткіншек демалыс кезінде туысқандарына қонаққа кеткен. Алайда, шекаралардың жабылуына байланысты елге қайта алмай қалған.

Баланы іздеу жұмыстарына 50 құтқарушы, сондай-ақ қол ұшын созуға ниет білдірген жергілікті түрғындар жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866594-gruzia-iim-zogalgan-almatylyk-balany-izdeu-zmystaryn-bakylauga-aldy/