RU

Грузияда жоғалған қазақстандық баланы іздеуге тікұшақ жұмылдырылды

Илья 3
Фото: kseniya.pilpani

Грузияда жоғалып кеткен 13 жастағы алматылық Илья Пилпаниді іздестіруге тікұшақ пен 80 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Бұл туралы Грузия Ішкі істер министрлігінің арнайы брифингінде Төтенше жағдайларды басқару қызметінің басшысы Теймураз Мгебришвилиха айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Новости-Грузия сайтына сілтеме жасап.

Мгебришвилиханың сөзінше, Илья Пилпаниді іздеуге Төтенше жағдайлар қызметінің 80 өрт сөндірушісі, полиция бөлімшелері, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары, су көлігі және шекара полициясының тікұшағы жұмылдырылған.

Құтқарушылар жасөспірімді Сванетия аймағынан ғана емес, Қара теңіз жағалауынан да іздестіріп жатыр екен.

Сонымен қатар Ильяның суреті Грузияның ІІМ барлық бөлімдері мен тұрғындарға жіберілген.

"112" қоғамдық қауіпсіздікті басқару орталығы Грузиядағы барлық телефон нөмірлеріне Илья Пилпанидің суреті бар үш тілде ақпараттық қысқа мәтіндік хабарламалар жіберді, осылайша бала туралы қандай да бір мәліметті білетін адамдар 112 нөміріне қоңырау шала алады", - дейді Мгебришвили.

Айта кетейік, Илья Пилпани қыста әкесімен бірге Местиада тұратын туыстарын көріп қайту үшін Алматыдан келген. Алайда кенеттен пандемия басталып, Қазақстан азаматтары шетелде қалып қойған.

18 шілде күні таңертең Илья велосипед тебуге шығып кеткен. Содан бері одан әлі хабар жоқ. Жеткіншекті соңғы рет тұрғындар Ленджери ауылынан көріпті.

Әкесі журналистермен сұқбатта баласымен арада тұрмыстық жанжал болғанын, сол себепті ол үйден қашуды жоспарлауы мүмкін екенін жоққа шығармаған.

Жасөспірімнің жоғалғаны туралы ақпарат Төтенше жағдайлар қызметіне 19 шілдеде түскен.

Осыдан кейін құтқарушылар Сванетиядағы 38 ауыл мен олардың айналасын қарап шыққан.

Ауылдардағы қаңырап қалған үйлер, сондай-ақ жеті өзенге жақын аумақтар, олардың арналары мен шатқалдары да тексірілген.

Құтқарушылар тауларды, жайылымдарды, тоннельдерді, орманды да қарап шыққан. Ингури өзені мен Ингури су электр станциясында да іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондайдай-ақ, Грузия Қылмыстық кодексінің 143-бабы 3-бөлігінің "г" тармағына сәйкес (кәмелетке толмаған баланы заңсыз бас бостандығынан айыру) бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868345-gruziada-zogalgan-kazakstandyk-balany-izdeuge-tiksak-zmyldyryldy/