Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 жылға сотталған Оңдағановтың мерзімінен бұрын босатылғаны анықталды

Опубликовано:

Ондаганов экс-глава спорта ЗКО
Мүслім Оңдағанов (сол жақта). Фото: mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысы спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүслім Оңдағанов түзету мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін Мүслім Оңдағановтың бостандыққа шыққанын оның қорғаушысы мәлім еткен. Бүгінде сот аталған ақпаратты растап отыр.

Белгілі болғандай, облыстық сот алқасы шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот қаулысын заңды деп таныған.

"ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 431, 443-444 баптары 1-бөлігі 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы 2020 жылғы 8 шілдедегі №2 Қостанай қалалық сотының Мүслім Оңдағановқа қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандыру туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырды.
Қостанай облысы прокуроры орынбасарының аппеляциялық өтініші қанағаттандырылмайды", – делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысы спорт басқармасының бұрынғы басшысы 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Алдын ала тергеу органдары Мүсілім Оңдағанов пен Меңдіхан Жәкеновті ұйымдасқан қылмыстық топ құрған және өңірде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаржысын ұрлаған деп айыптаған еді.

Кейіннен Оралда сотталып кеткен облыстық спорт басқармасының басшысы Мүсілім Оңдағановтың зәулім сарайы мемлекет меншігіне өтетіні хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869860-12-zylga-sottalgan-odaganovty-merziminen-bryn-bosatylgany-anyktaldy/

pixel