jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

"Нәтижесі жаман емес": Тоқаев Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты (фото)

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына сапары аясында Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Былтырғы Арыс қаласында болған жарылыстан бүлінген нысандардың бірі темір жол бекетінің ғимараты болатын. Президент Түркістан облысына сапары барысында "Арыс -1" теміржол вокзалының қазіргі ахуалымен, Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Тоқаев1
Фото: Ақорда
"Шын мәнінде, орасан зор жұмыс атқарылды. Нәтижесі жаман емес. Мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінді. Арыс қаласын қайта қалпына келтіруге еліміздің барлық аймағы атсалысты. Бұзылған ғимараттар жөнделді, жаңа үйлер салынды. Соның ішінде осы теміржол вокзалы да бар. Ғасырлық тарихы бар бұл ғимараттың қала тұрғындары үшін маңызды екені түсінікті", – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев1
Фото: Ақорда

Президент былтырғы жарылыс кезінде барша қазақстандықтар Арыстағы ағайынның жағдайына алаңдағанын, еріктілердің көмекке келгенін, ұйымшылдықтың арқасында осындай ауқымды жұмыс атқарылғанын, бұл халқымыздың татулығының көрінісі екенін айтты.

"Баршаңыз көріп отырсыздар, қазіргі пандемия ахуалы ешкімге оңай тиіп жатқан жоқ. Көптеген елдер зардап шекті. Сондықтан біз де қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр болдық. Қазір жағдай біртіндеп тұрақталып келе жатыр. Бұл – ең алдымен, дәрігерлердің еңбегі. Шұғыл шаралардың нәтижесі. Дегенмен әлі де сақтық шараларын ұстануымыз керек. Босаңсуға болмайды. Біз Арысты қалай бірігіп қалпына келтірсек, бұл дертті де солай бірлесіп жеңеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев1
Фото: Ақорда

Тұрғындар жарылыс болған күні шұғыл түрде түнделетін ұшып келіп, халықпен кездесіп, жағдайда үнемі бақылауда ұстаған президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыстарын айтты.

Жергілікті халық Арыс қаласы толықтай қайта жаңарғанын, бұл дер кезінде қабылданған шешімнің нәтижесі екенін, осындай сындарлы сәтте мемлекеттің қамқорлығын сезінгендерін айтып, ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ, бүгін Тоқаев Сардоба су қоймасының жарылуынан зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан үйді көрді.

Еске сала кетейік, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бес елді мекенді су басқан болатын.

"Нәтижесі жаман емес": Тоқаев Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.