Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада дін саласындағы кез келген сұраққа жауап беретін сенім телефоны іске қосылды

Опубликовано:

NUR.KZ
Фото: wikipedia

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары орталықтандырылған, тегін 109 нөмірі арқылы дін саласына қатысты сұрақтар мен ұсыныстарын айтып, елорданың діни бірлестіктері мен діни ғимараттары, діни мерекелер туралы ақпарат ала алады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Жуырда ғана іске қосылған "Сенім телефонының" мақсаты діни сұрақтарға жауап іздеушілерге теологиялық көмек көрсету.

"Бұл жобаның маңызды екі сипатын айта кеткім келіп отыр. Біріншіден, діни сауалына жауап іздеген кез келген адам қайда хабарласатынын білмей, дін саласындағы ұйымдар мен мекемелердің телефонын іздеп әуре болмайды. Керісінше бірден іKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, сұранысын қанағаттандыра алады. Яғни, тұрғындардың уақытын барынша үнемдей отырып, қолма қол қызмет көрсету үшін барынша жағдай жасалуда.
  • Екіншіден, дін саласы өте нәзік сала екені белгілі. Рухани құндылықты іздеуге ниеттенген азаматтар өздерінің діни сауатының төмендігіне байланысты дәстүрлі діни бірлестіктер мен теріс пиғылды діни ағымдардың ара жігін ажырата алмай адасып жататыны жасырын емес. Әдетте теріс діни ағымның ықпалына түскен тұлға сыни ойлау қабілетінен айырылып, діни жетекшінің айтқанын абсолютті ақиқат ретінде қабылдайды. Осының салдарынан ұлттық құндылықтардан бас тартып, экстремистік идеологияны қабылдап, теріс бағыттағы діни ұйымдардың қолшоқпарына айналады. Міне осындай сәтте, дер кезінде көрсетілген теологиялық және психологиялық көмек адамның өмірін құтқаруы немесе оның тағдырын өзгертуі мүмкін. Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының білікті мамандары, соның ішінде теологтар, дінтанушылар және психологтар дін саласындағы кез келген сұрақты жауапсыз қалдырмай, хабарласушының жағдайын барынша түсініп тиісті кеңес беретін болады", - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Жанбота Қарашолақов.

Дін саласындағы сұрақтар бойынша "Сенім телефонына" хабарласқан тұлға шариғат мәселесінен бастап дін саласындағы мемлекеттік саясатқа дейін кез келген сұраққа жауап ала алады.

"Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының білікті мамандары теологиялық мәселелер, діни сауаттылық, деструктивті діни ұйымдардың арбауына түсіп қалмау, теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалына түскен тұлғаларды әлеуметтендіру мен қоғамға бейімдеу және өзге де мәселелер бойынша кеңес береді.Сонымен қатар, кез келген азамат немесе оның жақындары діни мәселелерге байланысты қандайда бір қиындыққа тап болған болса, оларға дін саласының білікті мамандары мен кәсіби психологтардың көмегі қажет болса, теріс діни ағым өкілдерінің ықпалына түскен адамды қоғамға бейімдеу жұмыстары қажет болған жағдайда хабарласып, тиісті ақпараттық көмек ала алады.Сондай-ақ, дін саласындағы құқық бұзушылық фактілеріне куә болған тұлғалар іKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, хабарлай алады",- деді Жанбота Қарашолақов.

Айта кетейік, елорда тұрғындары мен қала қонақтарының дін саласындағы сұрақтарына жауап беру мақсатында ашылған "Сенім телефоны" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің іKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығының негізінде қызмет ететін болады. Бүгінгі таңда осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының бастамасымен аталған жоба қолға алынып, Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының әлеуетімен жүзеге асырылып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел тұрғындарын дәрі бағасын қымбаттатпауға шақырған болатын.

Фото
Фото: iKomek

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871507-elordada-din-salasyndagy-kez-kelgen-srakka-zauap-beretin-senim-telefony-iske-kosyldy/

pixel