Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ: Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға беру рәсімін қолдану қарастырылып жатыр

Опубликовано:

Фото
Фото: Facebook/Cұңқар Нұрмағамбетов

Сыртқы істер министрлігі Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға беру рәсімін қолдану қарастырылып жатқанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

СІМ хабарлауынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы ҚР ратификациялаған және 2015 жылы күшіне енген сотталған адамдарды беру туралы шартқа сәйкес, Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкімді орындау үшін ҚХР юрисдикциясынан Қазақстанға беруді қолдануға болады.

"Қазіргі уақытта қорғаушы тарап пен сотталған отандасымыздың отбасы біздің азаматшаны Қазақстанға беру рәсімін қолдануын қарастыруда. Сотталған азаматты беру бойынша келіссөздер ҚР Бас прокуратурасы мен ҚХР уәкілетті органы арасында жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәлімдеуінше, Ақжарқынның ісі Сыртқы істер министрлігінің тұрақты бақылауында. Сондай-ақ оның Қазақстанға нақты қашан берілетіні белгісіз. Министрлік Тұрлыбайды тезірек қайтаруға мүдделі екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қайтарылуы мүмкін екені хабарлаған еді.

Айта кетсек, Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871691-akzarkyn-trlybajdy-kazakstanga-beru-rsimi-karastyrylyp-zatyr/

pixel