Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар қай уақытта зейнетақы жинағына үй сатып ала алады

Опубликовано:

Фото
Фото: pexels.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алуға, емделуге пайдалану туралы шешімді жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

"Менің тапсырмам аясында зейнетақы жинағын пайдалану мәселесі пысықталды. Бұл қазір өзекті болып тұр. 2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинақтың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге жұмсай алады", - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы басталғанын жазған болатынбыз.

Мемлекет басшысы жолдауы кезінде дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне және еріктілерге алғыс айтты.

Сонымен қатар президент 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қанша қазақстандықтың алғанын жеткізді.

Одан бөлек, Тоқаев министрліктердегі жауапты хатшылар қысқартылатынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871963-kazakstandyktar-kaj-uakyttan-bastap-zejnetaky-zinagyna-baspana-satyp-ala-alady/

pixel