jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Өзбекстанда талапкерлер емтиханды стадиондар мен алаңдарда тапсырып жатыр

Өзбекстандағы емтихан
Фото: kun.uz

2 қыркүйек күні Өзбекстандағы барлық жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсыратын емтихандар басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Олар стадиондар мен басқа да ашық алаңдарда өтіп жатыр. Себебі, жабық ғимараттар эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, емтихандарды оңтайлы мерзімде өткізу үшін жеткілікті сыйымдылығы жоқ деп жазады kun.uz.

Тестілеудің барлық процесін шамамен 12-14 күн ішінде аяқтау жоспарлануда.

Елде биыл 91 жоғары оқу орнында бакалавриатқа түсуге 1 миллион 484 мың талапкерден құжат қабылданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 39% - ға көп. Үстіміздегі жылы Өзбекстанда бір студенттік орынға 10,6 адам үміткер болып отыр.

Емтихандар екі ауысымда өтеді: бірінші ауысым 8:00 – ден 11:00-ге дейін, екіншісі 17:00-ден 20:00-ге дейін.

Таңертең талапкерлерді қабылдау сағат 6:30 – да, түстен кейін сағат 15:30-да басталады.

Емтиханға жарты сағат бұрын келу керек. Кешіккендерге жол берілмейді. Емтиханға кіру үшін өзімен бірге талапкердің төлқұжаты мен рұқсаттамасы болуы қажет. Төлқұжатсыз рұқсат қағазы жарамды болып саналмайды.

Қабылдау емтихандарын өткізу үшін республика бойынша 65 сектор (40 стадион және 25 ашық алаң) дайындалды. Ашық спорт ғимараттарынан басқа, саябақтар да тізімге енгізілген.

Айта кетейік, елімізде талапкерлерге арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусым мен 1 шілде аралығында өтті.

ҰБТ-дан кейін бейнежазба тексеріліп, 158 тест тапсырушының нәтижесі жойылған.

Өзбекстанда талапкерлер емтиханды стадиондар мен алаңдарда тапсырып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.