jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Карантинде қызын ұзатқан экс-депутат құдасымен бірге қамалды (видео)

Ильхам Алиев тәртіп сақшыларымен бірге
Видеодан кадр: YouTube.com

Әзербайжан президентінің аттасы даудың ортасында қалды. Бұрынғы депутат карантинге қарамастан қызын ұзатқаны үшін жазаға тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Даулы салтанатты рәсім 18 тамыз күні өткен. Өз балаларының тойын Әзербайжан парламентінің экс-депутаты Ильхам Алиев пен құдасы Ровшан Мұстафаев атап өтпек болған деп жазады Qazet.az.

Нәтижесінде әзербайжандық сот карантин режимін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Екеуі де 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

6 қыркүйек күні олардың қамауға алынған уақыты аяқталып, Алиев пен Мұстафаев бостандыққа шықты.

Алиев тұтқынға алынған соң өзімен аттас президенттен және Әзербжан президентінің бірінші вице-президентінен, сондай-ақ, күллі халықтан кешірім сұрады.

Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл облысы Шу қаласында карантин кезінде "қыз ұзату" той жасаған мектеп директоры жауапқа тартылғанын хабарлаған едік.

Шу ауданының әкімдігі полиция бөлімі және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті тойдың осы жылдың 26 маусым күні өткенін анықтады. Осыған сәйкес, карантин режимін бұзып, мерекелік шара ұйымдастырғаны үшін ауданның 42 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынған.

"Одан бөлек, іс-шараны ұйымдастырушы Шу ауданы Төле би ауылындағы оқу орындарының бірінде директор болып қызмет ететіні белгілі болды.

Бүгін ол кезекті еңбек демалысында. Демалыс аяқталғаннан кейін тәртіптік комиссиямен оның атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады", - делінген хабарламада. 

Карантинде дүркіретіп қыз ұзату жасаған Павлодар тұрғындары да анықталды.

Карантинде қызын ұзатқан экс-депутат құдасымен бірге қамалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.