Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақыны мерзімінен бұрын шешіп алғандар 10% салық төлейді

Опубликовано:

Депозит
Көрнекі фото: fingazeta.ru

Қазақстандықтар мерзімінен бұрын шешіп алған зейнетақы сомасына 10% мөлшерінде салық төлейтін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинағынан беретін төлемдерге жеке табыс салығы салынатынын (Салық кодексінің 326-бабы) мәлімдеді.

"Бұл ретте, жеке тұлғалар ең төменгі 1 жалақы мөлшеріндегі (42 500 теңге) салықтық шегерімді қолдану арқылы салық салынатын соманы азайтуға құқылы.
Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары (ҰОС-на қатысушыларға теңестірілгендер, барлық топтағы мүгедектер, мүгедектердің ата-аналары мен қамқоршылары, жетім балаларды асырауына алған ата-аналар) тағы қосымша 882 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2778 теңге) мөлшерінде шегерім қолдануға құқылы.

Бұл - 2,3 млн теңгені құрайды (Салық кодексінің 345, 346, 353-баптары). Тиісінше, көрсетілген шегерімдерді ескере отырып, тұрғын үй сатып алуға, емделуге және басқа да рұқсат етілген мақсаттарға зейнетақы ақшасынан ішінара алынатын сомаларға 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынады", - дейді комитет.

Еске салсақ, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2021 жылы кімдер зейнетақы жинағынан ақша ала алатынын айтқан еді.

Оған қоса, министр зейнетақы жинағындағы "жеткіліктік шегіне" қатысты түсініктеме берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873258-zejnetakyny-merziminen-bryn-sesip-algandar-10-salyk-tlejdi/

pixel