Алматылық кәсіпкер коронавирус індетінен қалай қорғанғанын айтып берді
Жарияланған күні:
Алматылық азамат әрі кәсіпкер Мұхтар Қамбаров коронавирус дертінен қорғанудың бір амалын тапты. Ол марал қанынан дайындалған пантокрин ішу арқылы індеттің қауіпті кезеңінен еш ауырмай өткен. Кәсіпкер өзі ғана емес, түгел отбасы мүшелерінің денсаулығына алаңдап, 75 жастағы әкесіне де он жылдан бері осы дәрмекті беріп келеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бізде пантокринді тек қана ер адамның денсаулығына керек деп ойлайды. Негізінен, оны жасы отыздан асқан отбасы мүшелерінің бәріне беруге болады. Ал балаларға, әрине, болмайды. Әлі ерте. Елімізде карантин жарияланып, көпшілік қандасымыз қауіпті дертпен күрескенде біз де қатты қорықтық. Өйткені, жақындарымыздың, үйдегі үлкендердің денсаулығы алаңдатты. Алғашында әйелім ауырып, кейін біздің де кеуде тұсымыздан қыса бастады. Осы кезде пантокрин көмекке келді. Күніне екі рет ішіп аламыз. Иммунитет те күшейеді", - дейді ол.
Мұхтардың айтуынша, оның жетпістен асқан әкесі елу жастағы азаматтармен тең көрінеді.
"Марал қанының қадірін қатты білетін – қытайлар мен кәрістер. Олар пантокринді көтеріп ап кетеді. Нағыз пайдалы екенін біледі олар. Ал біздегі ер жігіттер қымбат виски алып ішкенше, денсаулығына пайдалы нәрсені алсын дегім келеді. Мәселен, менің 75 жастағы әкем де, жасы жетпістен асқан көкем де әлі тың, әлі сергек. Олар он жылдан бері осыны пайдаланып келеді. Өзім де бұл салада табысты еңбек етіп жатқан «Алатау маралынан» пантокринге тапсырыс берем. Елімізге танымал талай азаматтардың марал қанынан жасалған пайдалы дәрмекті ішіп жүргенін өз көзіммен көрдім. Тіпті, лауазымды тұлғалар мен министрлер де бұдан хабардар. Сондықтан, барша тұрғындарды денсаулығын күтуге, қауіпті вирус кезінде мейілінше сақ болуға шақырамын", - дейді Мұхтар Қамбаров.
Естеріңізге сала кетейік, ресейлік иммунолог күзде ауырмау үшін қандай дәрумендер ішу керектігін айтқан еді.
Сонымен қатар мамандар адам миына ерекше пайдалы өнімдердің тізімін жариялаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875586-almatylyk-ksipker-koronavirus-indetinen-kalaj-korganganyn-ajtyp-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.