jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

БАҚ: Қырғыз парламенті кезектен тыс жиналып, спикер мен премьер-министрді сайламақ

депутаттар1
Жогорку Кенеш. Фото: kabar.kg

Қырғызстан парламенті Жогорку Кеңеш бүгін, 10 қазан күні Бішкекте кезектен тыс парламент отырысын өткізбек. Күн тәртібіндегі сұрақтар қатарында президенттің Бішкекте төтенше жағдай енгізу туралы жарлығы, парламент спикері мен ел премьер-министрін сайлау бар. Бұл ақпаратты бірнеше депутат растаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Азаттыққа сілеме жасап.

Басылымның жазуынша, кей мәліметке қарағанда, парламент отырысы "Ала-Арча" резиденциясында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп, оған көңілі толмаған тұрғындар 5 қазанда наразылық шеруіне шықты. Оған он мыңдаған адам қатысқан.

Сайлау нәтижесін жарамсыз деп табуды талап еткен наразылық акциясы тәртіпсіздікке ұласты. 6 қазанға қараған түні демонстранттар ел президентінің аппараты мен парламент депутаттары отыратын "Ақ үй" резиденциясын басып алды.

Кейін халыққа үндеу жасаған Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жекелеген саяси күштердің мемлекеттік билікті заңсыз жолмен басып алуға тырысқанын мәлімдеді.

Ал 9 қазанда Сооронбай Жээнбеков ел заң жолына қалай түссе, Қырғызстан президенті қызметінен кетеуге дайын екенін, сонымен қатар конституциялық өкілеттілігі аясында елдің бүтіндігі мен бейбітшілігін сақтап қалу үшін барын салатынын айтты.

Сонымен қатар Жээнбеков 9 қазанда ел астанасы Бішкекте төтенше жағдай жариялады.

Төтенше жағдай 9 қазан кешкі сағат 20.00-ден бастап 21 қазан таңғы 8-ге дейін енгізілген. Мұндай шешім жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде туындаған жағдайларға байланысты қабылданған. Қаланың коменданты ретінде Қырғызстанның ІІМ басшысының орынбасары Оразалиев Алмазбек тағайындалған.

БАҚ: Қырғыз парламенті кезектен тыс жиналып, спикер мен премьер-министрді сайламақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.