jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Бакиев Бішкек пен Минскідегі наразылықтардың айырмашылығын айтты

Митинг
Фото: © Sputnik

Қазір Беларусьте тұратын Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев Бішкек пен Минскідегі наразылық акциясының арасында айырмашылық бар екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бакиевтің сөзіне сенсек, бір қарағанда Қырғызстан мен Беларусьтегі наразылық ұқсас болып көрінгенімен, олар "өзгеше сипатқа ие".

Бакиев Беларусьте екі айдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатқан наразылық пен митингтерде "сыртқы фактор" шешуші рөл атқарады деген пікірде.

"Яғни, сыртқы күштерге қазіргі билікті өзгерту қажет болды. Бұл - басты себеп. Беларусьте ұлтаралық, экономикалық алғышарттар мүлде жоқ", - деп РИА Новости Бакиевтің сөзін келтіреді.

Елдің экс-президентінің пікірінше, Қырғызстанда саяси дағдарыстың болуына пандемияға байланысты дағдарыс аясында саяси биліктің тұрақсыздығы себеп болған. Бакиев коронавирус елдің әлсіз экономикасына қатты соққы берді және билік бұл жайтқа қатысты "ештеңе жасаған жоқ" деп санайды.

Сондай-ақ, Қырғызстанның бұрынғы президенті "барлық өзін өзі тағайындау" жағдайлары Қырғызстанды бірнеше жылға артқа қалдыратынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Садыр Жапаров Қырғызстанның жаңа премьер-министрі болып тағайындалғаны хабарланған еді.

Премьер ел президенті Сооронбай Жээнбеков жаңа үкіметтің құрамы бекітіліп және онымен қатысты барлық процедуралар аяқталған соң бірнеше күн ішінде отставкаға кетуге ниетті екенін жеткізген болатын.

Айта кетейік, Жээнбековтің өзі болса, елде атқарушы билік органдарының басшылары бекітілгеннен кейін және Қырғызстан "заңдылық жолына түскеннен" соң қызметінен кетуге әзір екенін айтқан болатын.

Бакиев Бішкек пен Минскідегі наразылықтардың айырмашылығын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.