Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы маңындағы ұшақ апаты: Bek Air кезекті сотта жеңіліп қалды

Опубликовано:

Bek Air ұшағы апаты
Фото: ktk.kz

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы "Bek Air" АҚ апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Осы орайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің талап арызы бойынша бірінші инстанциядағы сот шешімі өзгеріссіз қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Комитеттің хабарлауынша, сот шешімі жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті 21 ақпанда Bek Air-ді сотқа берді. Ол жерде әуе компанияның рейстеріне 54,2 миллион теңге сомасына билет сатып алған 990 адамның талабы айтылған.

2020 жылдың 17 маусымында Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты талап арызды қанағаттандырды. 15 шілдеде тасымалдаушы апелляциялық шағым түсірді.

Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасында комитеттің екінші талап арызына қатысты Bek Air-дің апелляциялық шағымы да қаралып жатыр. Кезекті отырыс 2020 жылдың 21 қазанына белгіленді.

Bek Air-ге қатысты жолданған үшінші талапты Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты қарайды. Ол жерде тұтынушылар құқығын қорғау комитеті 535 тұтынушының құқығын қорғайды, талап арыз сомасы – 33,8 миллион теңге. Бұл талап бойынша кезекті отырыс 2020 жылдың 28 қазанына жоспарланған.

Bek Air ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында болды. Лайнер Алматы әуежайының маңында құлады. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі бар еді. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.

Сәуірде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуекомпанияның тоғыз әуе кемесінің пайдалану және ұшуға жарамдылық сертификаттарын кері қайтарып алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880029-almaty-mayndagy-sak-apaty-bek-air-kezekti-sotta-zeilip-kaldy/

pixel