Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда қосымша шектеу шаралары енгізілді

Опубликовано:

Карантин
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Оралда қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысы БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланды.

Шектеу шараларына сәйкес, қалада 65 жастан асқан адамдарға қажеттілік болмаса көшеге шықпау керек.

Жексенбі күндері жәрмеңкелер өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ демалыс күні қоғамдық көліктер де жүрмейтін болады.

Сонымен бірге Орал қаласының әкіміне және Орал қаласының полиция басқармасына көрсетілген мекенжайлары бойынша жабайы сауда орындарын жою туралы тапсырма берілген.

Олар: "Мирлан" базарының ауданы, "Жайық дүкеннің" ауданы, "Юбилейная" аялдамасының ауданы, "Школьник сауда үйінің" ауданы, бұрынғы "Сұлтан" базары, "Жеңіс сауда үйіне" қарама-қарсы, "Аяжан сауда үйіннің" ауданы, Ақжол базараның ауданы, "Өнім" базарының ауданы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды ​​облысы Бұқар жырау ауданының Центральное ауылында бақылау-өткізу бекеттері қойылып, карантин күшейтілгенін жазған едік.

Центральное ауылында мың жарымға жуық адам тұрады. Коронавирус Омбыдан келген қонақта расталған. Онымен байланыста болғандар арасында да ауру жағдайлары тіркеліп отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус инфекциясының таралуына байланысты тоғыз облыста, елордада және Алматыда карантин режимі күшейтілгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880998-oralda-kosymsa-sekteu-saralary-engizildi/

pixel