Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Осы жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді

Опубликовано:

қоғамдық көлік11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жексенбі, 25 қазанда Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер жүрмейді. Бұның себебін CTS компаниясы түсіндіріп берді жазады KAZ.NUR.KZ.

Компанияның Instagram парақшасында жазуынша, 25 қазанда елордада автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты қалада қоғамдық көліктер бір күн жүрмейді.

Басқа күндері қоғамдық көліктер өз уақытмен жұмыс істейді. Дүйсенбі күні, 26 қазанда автобустар қайтадан қатынайды.

"Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді", - деп хабардар етті CTS компаниясы.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пралиеваның елордада шектеу және карантиндік шараларды күшейту туралы қаулысы шыққанын хабарлаған едік.

Құжатқа сәйкес, қалалық қоғамдық көліктер жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. Жексенбі күндері қоғамдық көліктер жолға шықпайды.

Сонымен қатар елордада карантин тәртібін қадағалау күшейтілгенін жазған болатынбыз.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, ойын-сауық мекемелері, кафелер мен мейрамханалар, караоке мен барлар, сауда орталықтары мен базарлар ережелерді жиі бұзады.

Осы орайда Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мобильді топтарға жұмысын күшейтуді және кәсіпкерлік субъектілерге күнделікті күндізгі және түнгі рейдтер жүргізуді, карантинді бұзушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881002-osy-zeksenbi-kni-elordada-kogamdyk-klikter-zrmejdi/

pixel