Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Борат-2"-ге қарсы петиция: АҚШ-тың Алматыдағы бас консулдығы жауап берді

Опубликовано:

Борат
Фото: Dani Abramowicz/Getty Images

Алматыда орналасқан АҚШ Бас консулдығы қала тұрғындарының "Борат-2" фильміне қарсы петициясына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Америка Құрама Штаттарының үкіметі бұл фильмді қаржыландыруға, өндіруге немесе таратуға ешқашан қатысқан емес. Сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстар бостандығы АҚШ конституциясы кепілдендірген құқықтар болып табылады және Америка Құрама Штаттары үшін де, Қазақстан үшін де басты құндылық болып табылады. Біз азаматтардың өз ойларын бейбіт түрде білдіру мүмкіндігін қолдаймыз. Бұл біздің елдерімізді күшейтеді", – делінген ресми хабарламада.

Дипломатиялық миссияның хабарлауынша, 23 қазанда наразылық білдірушілер тобынан "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы петиция келіп түскен.

"АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Мозер айтқандай, Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы қатынастар – бұл штаттарда оқып, жұмыс істейтін көптеген қазақстандықтың, сондай-ақ Қазақстанның бай мәдениеті мен дәстүрімен танысу мүмкіндігіне ие болған көптеген америкалықтың нәтижесі",– деп толықтырды дипломатиялық миссияда.

Еске салсақ, Австралияның Сидней қаласындағы жағажайлардың бірінде Бораттың мүсіні қойылып, Қазақстан туымен флешмоб ұйымдастырылған болатын.

Жағажайда Борат кейпіндегі қырық жігіттің жағажайда флешмоб ұйымдастырып, Қазақстанның туын қолға алып, билеп жүргенін және алып мүсіннің жағажайға тікұшақтың көмегімен қойылып жатқанын байқауға болады.

Видеоны көрген қазақстандықтар фильмнің шығуына қарсылық білдіріп, сын-пікірлер жаудыруда. Олардың қатарында отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген бар. Оның айтуынша, Бораттың жақтастары оған ескерткіш орнатып, еліміздің көк туын қорлап жатқаны шектен шығу болып табылады.

Қазақстандықтар Сиднейдегі оқиғаға әлеуметтік желілерде "Мен туымды мақтан етемін" флешмобын іске қосу арқылы өз наразылықтарын білдірді. Жүздеген қолданушы мемлекеттік рәміздің суретін өз парақшаларында жариялап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881230-borat-2-ge-karsy-peticia-aks-ty-almatydagy-bas-konsuldygy-zauap-berdi/

pixel