Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дональд Трамп Саша Барон Коэнді "жексұрын" деп атады

Опубликовано:

АҚШ президенті Трамп
Дональд Трамп. Фото: Getty Images / Ethan Miller

АҚШ президенті Дональд Трамп "Борат" фильмінде қазақстандық журналисті сомдаған британиялық актер Саша Барон Коэн жайлы ойын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президенттің сөзіне қарағанда, шамамен 15 жыл бұрын Саша Барон Коэн оны алдағысы келген, алайда Трамп жалғандықты сезіп, шоу кейіпкерлерінің ішінде жалғыз өзі түсірілімнен бас тартқан деп жазды Hollywoodlife.

"Мен үшін ол – жексұрын, екіжүзді адам. Мен оны күлкілі деп есептемеймін", – деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Өз кезегінде Саша Барон Коэн Трампқа "Борат" фильмінің екінші бөлімінің "тегін жарнамасы" үшін алғыс айтып, Twitter желісінде пост жариялады.

Ол өзінің де Трампты күлкілі деп есептемейтінін, алайда "оның үстінен бүкіл әлем күлетінін" атап өтті. Сондай-ақ актер 20 қаңтардан кейін Дональд Трампқа жұмыс қажет болатынын жазды.

Айта кетейік, бұған дейін америкалық жазушы Нассим Талеб "Боратты" тарихтағы ең нәсілшіл фильм деп атаған болатын.

Сондай-ақ ол Қазақстанда болғанын тілге тиек етті. Айтуынша, қазақстандықтар аталған фильм туралы бірнеше рет мәселе көтеріп, картинаның оларға зиян тигізгенін алға тартқан.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі "Борат-2" фильмінің шығуына байланысты азаматтардың өтінішіне түсініктеме берген еді.

Министрлік өкілдерінің пікірінше, арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа салынуда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881367-donald-tramp-sasa-baron-koendi-zeksryn-dep-atady/

pixel