jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қар мен көктайғақ: Синоптиктер еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жариялады

Қар
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазгидромет синоптиктері Қазақстанның он бір облысында дауылды ескерту жариялады.

27 қазан күні күндіз және таңертең Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі.

Тәулік бойы 27 қазанда, түнде 28 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе қар) болуы ықтимал. Тәулік бойы 27-28 қазанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі. Петропавл қаласында 27-28 қазанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз 27, түнде 28 қазанда екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі.

27 қазан күні Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жаңбыр, қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі. Көкшетау қаласында 27 қазанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.

27 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерінде күші 15-20, күндіз күші 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі. Қарағанды қаласында 27 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ. 27 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

27 қазан күні Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіліп, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі. Шымкент қаласында 27 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында 27 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

27 қазанда Павлодар облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Павлодар қаласында түнде 27 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең 27 қазан Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Таңертең және күндіз 27 қазан күні Қостанай облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай қаласында 27 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с болады деп күтіледі.

27 қазанда Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады деп күтіледі. Ақтөбе қаласында 27 қазанда әлсіз көктайғақ, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

27 қазан күні Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с сақталады. Қызылорда қаласында 27 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

27 қазанда Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші кей жерлерінде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі. Өскемен қаласында 27 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Семей қ.: 27 қазанда оңтүстік- шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 27 қазанда кей уақыттарда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Еске салсақ, бұған дейін біз Павлодарда алғашқы қар жұртты әбігерге салғанын жазған едік.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтанда жүздеген жұмысшы мен арнайы техникалар қар тазалауға шыққанын жазған болатынбыз.

Қар мен көктайғақ: Синоптиктер еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.