Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Қазақстаннан біреу кететінін естігенде уайымдаймын

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: theopenasia.net

Бүгінгі Қазақстан халқы Ассемблеясының отырысында Елбасы елден кететін азаматтар үшін уайымдайтынын айтты. Тұңғыш президент "олар кеткен жаққа қарағанда жақсы жағдай жасасақ, кетудің қажеті не" деген сұрақ қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстаннан біреу кететінін естісем уайымдаймын. Егер біз олар кететін жақтан да жақсы жағдай ұсынсақ, кетудің қажеті не? Жергілікті әкімдіктер өте мұқият болуы керек. Олар (азаматтар - ред.) неге көршілес жоғары оқу орындарына кетіп жатыр? Бізде жақсырақ болғанын қамтамасыз ету керек. Ең бастысы - білім", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы жұмыссыздық пен жұмыс орындарының жетіспеушілігі барлық әлемде бар екенін атап өтті.

"Дұрыс қолдана білсек, Қазақстанның көпұлттылығы - біздің байлығымыз. Біздің жақсы өміріміз, ұйқымыздың тыныштығы кепілдендірілмегенін де ұмытпауымыз керек", - дейді ол.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Майя Бекбаева және Закиржан Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

Ал Юсуп Хасанович Келигов және Шерзод Аббозович Пулатов Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Еске сала кетейік, 24 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев қатысуымен "Nur Otan" партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді.

Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884176-nazarbaev-kazakstannan-bireu-ketetinin-estigende-uajymdajmyn/

pixel