jitsu gif branding logo appbranding logo app

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жайық Жұмаханов
Жайық Жұмаханов. Фото: ШҚО әкімдігінің ресми сайты

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен бұл лауазымға Жайық Жұмаханов тағайындалды. Бұған дейін ол Өскемендегі «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» КМК бас дәрігері қызметін атқарған деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің ресми сайты.

Жайық Жұмаханов 1969 жылы 14 маусымда Семей облысы Аягөз ауданы Сергиполь ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Семей медициналық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Семей қаласындағы облыстық клиникалық аурухананың анестезиолог – реаниматологы болып бастады.

2001 жылдан Аягөз қаласындағы «Қазығұл» медициналық мекемесінде аға дәрігер, анестезиолог болып жұмыс істеді. 2002 жылы осы мекеменің директоры болып тағайындалды.

2008 жылдың шілде айынан бастап «Аягөз ауданының медициналық бірлестігі» КМҚК директоры болды.

2013 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Өскемендегі «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» КМК бас дәрігері міндетін атқарып келді.

Айта кетейік, бүгін белгiлi тележүргiзушi Майя Бекбаева жаңа қызметке тағайындалды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Майя Төлегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", - делінген Ақорда сайтындағы құжат мәтінінде.

Cонымен қатар президент өкімімен Юсуп Хасанович Келигов және Шерзод Аббозович Пулатов Ассамблея төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Майя Төлегенқызы Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында өмірге келген. Ол - журналист, тележүргізуші, редактор және продюсер. Қазақстан тарихы туралы көптеген танымал бағдарламалар мен деректі фильмдердің авторы.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.