Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда секс-қызметтер көрсеткен трансвеститтер ұсталды

Опубликовано:

Трансвестит жігіт
Көрнекі фото: pexels.com

Жақында Атырауда ақшаға интим-қызмет көрсеткен ақтөбелік екі трансвестит жігіт ұсталды. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәртіп сақшылары Қазақстанда 14 қарашаға дейін ұйымдастырылатын "STOP-трафик" жедел алдын алу шаралары аясындағы кезекті нәтижелермен бөлісті.

11 қараша күні учаскелік инспекторлар 25 жастан 29 жасқа дейінгі 13 жезөкшені анықтады. Олар Атырауға Қызылорда, Ақтау, Шымкент сынды түрлі қалалардан келген.

Өз қызметтерімен айналысу үшін "түнгі көбелектер" Махамбет көшесінен, Азаттық даңғылынан және "Привокзальный", "Алмагүл" ықшамауданынан пәтер жалдаған.

Одан бөлек, өткен түнде полицейлер сексуалды сипаттағы қызметтер көрсеткен ақтөбелік екі трансвестит жігітті қолға түсірді. Интим-қызмет көрсету саласының барлық өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Ескертулер берілді.

Ал жалдамалы пәтер иелерімен мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері айналысады.

Айта кетейік, Алматыда ірі сауда орталығындағы дәретханаларда қыз балаларға тиіскен азамат 10 жылға сотталды.

Сот үкімімен ол ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігі (Жас балаларды азғындату) бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот бұл жаза бапта қарастырылған ең ұзақ мерзім екенін түсіндірді.

Ал өз қызын зорлаған Байқоңыр тұрғынының ісі сотқа жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884388-atyrauda-seks-kyzmetter-krsetken-transvestitter-staldy/

pixel