RU

Қазақстанда пневмониядан тағы 1 адам қайтыс болды

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 199 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 199 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 69 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 39923, 416 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29485 жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасы хабарлағандай, Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 8 627 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 3 001 науқас жатыр. 5 626 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы науқастардың арасында 191 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен тәулікте 317 адам коронавирустан жазылып шыққаны белгілі болды. Олардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында.

Жалпы ел бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны 109 275.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, cоңғы уақытта еліміздің барлық өңірінде COVID-19-бен ауырудың артқаны байқалып отыр.

Коронавирус өршіген Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылған.

Сонымен қатар Қостанай облысында да 12 қарашадан бастап санитарлық бекеттер қою туралы шешім қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884657-kazakstanda-pnevmoniadan-tagy-1-adam-kajtys-boldy/