jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Ғалымдар ағзадағы коронавирусты 5 минут ішінде өлтіретін өнімді атады

тәжвирус
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Германияның ғалымдары өсімдіктерге зерттеу жүргізіп, адам ағзасындағы коронавирустың белсенділігін әлсірететін өнімді анықтады деп хабарлайды Мир24.

Ульм университеті медицина орталығы молекулярлы вирусология институты мамандарының зерттеу нәтижесі bioRxiv журналында жарық көрді.

Ғалымдар бөлме температурасында табиғи өнімдерді вирустармен араластырып, біраз уақыттан кейін, коронавирустың өзін қалай ұстайтынын зерттеген.

Осылайша, қара жемісті шетеннің шырыны небәрі 5 минуттың ішінде ағзадағы COVID-19-ды 97 пайызға дейін жоятыны белгілі болды.

Анар шырынының да инфекцияға қарсы әсері күшті болып шыққан. Бқл өніммен тамақты шая отырып, коронавирус патогендерінің 80 пайызына дейін өлтіруге болады.

Мамандар коронавирус инфекциясын басқа да табиғи шырындар, сонымен қатар, көк шай әжептәуір әлсірететінін жеткізді.

Олардың айтуынша, мұндай әсер қауіпті вирусты жоюға қабілетті қышқыл ортамен және өсімдік полифенолдарымен байланысты.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері эпидемиологиялық жағдайға қатысты жаңа қаулысын жариялаған болатын. Құжатқа сәйкес, бесінші сынып оқушыларына енді кезекші сыныптарда білім алуға рұқсат етілген.

Сондай-ақ Павлодарда мониторингтік рейд жүргізген полицейлер карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс істеген мейрамхананы анықтады. Қонақтар тәртіп сақшыларына есікті ашпай, іште бес сағат отырған.

Мейрамхана әкімшілігі есікті тек таңғы үш жарымда ашқан. Нәтижесінде, полиция бөлімшесіне 27 мейман мен сол барда жұмыс істеген жеті қызметкер жеткізілген.

Ғалымдар ағзадағы коронавирусты 5 минут ішінде өлтіретін өнімді атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.