Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мемлекеттік шекараны күзету мәселелері жөніндегі заңнамаға түзету енгізді

Опубликовано:

тоқаев
Фото: newtimes.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Парламент бұл заңды 5 қарашада қабылдады деп жазады Sputnik Қазақстан.

Депутат Нұржан Нұрсипатов заңға енгізілетін түзетулер президенттің 2020 жылғы 13 наурыздағы "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" жарлығын жүзеге асыруға бағытталғанын хабарлады.

Түзетулерге сәйкес, ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының авиациялық қызметі "басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың" құрамына енгізіледі. Комитет төрағасы өзі айқындайтын тәртіппен ҰҚК органдары қызметкерлерін ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері санатына ауыстыра алады.

Ал шекара қызметіне қарасты барлау бөлімшелерінің барлау іс-қимылын жүргізу қағидаларын бекіту комитеті құзіретінен шығарылады. Бұдан бөлек, әскери полицияға әкімшілік құқық бұзушылық істері аясында ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін үйлестіруге өкілеттік беріледі.

Сондай-ақ, байланыс желілерін салу функциясы шекара қызметінен үкіметтік байланыс қызметіне беріледі. Ал шекара қызметі желілерді сақталуын қамтамасыз етеді. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне шекара қызметі пайдаланатын пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану қағидаларын бекіту бойынша құзырет те тапсырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884945-tokaev-memlekettik-sekarany-kzetu-mseleleri-znindegi-zanamaga-tzetu-engizdi/

pixel