Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жобасын қайта қарауды тапсырды

Опубликовано:

Фото
Фото: Facebook/Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жобасына қатысты тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді", - деді ол.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Бозжырада қонақ үйдің құрылысы басталғаны жөнінде видео тарап, бұл халықтың ашу-ызасын туғызған еді.

Кейін Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жобасына экология министрлігі мен мәдениет вице-министрі пікір білдірген болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар облыстарда коронавирус індетіне қатысты жаңа жағдайларды жасыру деректері анықталғанын айтқан еді.

Президент сөз еткен өңірлер қатарында Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан,  Павлодар, Ақмола, Қостанай және басқа да облыстар бар.

Кейін Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев президентттің сынына жауап беріп, өңірде COVID-19 жұқтыру дерегін жасыру жағдайы болмағанын айтты.

Қазан айында зертханалық зерттеулер мен санитарлық қызметтердің деректері арасында 50 сәйкессіздік болған. Бүгінгі күні бұл жұмыс бір жүйеге келтіріліп, деректер жалпы статистикаға қосылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885149-tokaev-bozzyra-satkalynda-konak-j-salu-zobasyn-kajta-karaudy-tapsyrdy/

pixel