Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көк шай мен табиғи шырындар коронавирусты емдей ме

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Ресейлік вирусолог Алексей Аграновский көк шай мен табиғи шырындар коронавирусты емдей ме деген сауалға жауап берді деп жазады Lenta.ru.

Аграновский "көк шай, аскөк және анар шырынын коронавирустың нақты емі деп санауға болмайды" дейді.

Оның cөзінше, бұндай халық емі, сонымен қатар шөптерден жасалған дәрілер вирусқа қарсы пайдалы емес.

"Адам ағзасында ештеңе вирусқа қарсы әсер етпейді, ондай құрал жоқ. Бұндай "ем" деп аталатын өсімдіктер мен дәрі-дәрмектер жалған үміт сыйлайды", - деп өз ойын жеткізді білікті маман.

Одан бөлек, Аграновский пайдалы микроэлементтер мен дәрумендерге бай табиғи өнімдер иммунитетті көтеретінін, бірақ вирустарды жоюға ешқандай шырынның күші жетпейтінін жеткізді.

Бұған дейін Германиядағы Ульма университеті медицина орталығы молекулярлық вирусология институтының қызметкерлері аскөк шырыны коронавирустың ағзадағы белсенділігін төмендетіп, оның қоздырғышын 79%-ке төмендететінін айтқан.

Зерттеушілер басқа табиғи шырындар, көк шай мен өсімдік полифенолдарының әсерінен аурудың күшін әлсіретуге болады деп есептеген еді.

Еске сала кетсек, АҚШ-тың Биотехнологиялық ақпарат Ұлттық орталығының мамандары зерттеу жүргізе келе, адамның терісін ұннан жасалған тағамдардан бас тарту арқылы жақсартуға болатынын анықтаған еді.

Олардың пайымынша, ұн қосылған тағамдар мен нанды шектен тыс жиі пайдалану түрлі тері ауруларының туындауына әкеліп соқтырады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885562-kk-saj-men-tabigi-syryndar-koronavirusty-emdej-me/

pixel