Сәдуақас Байғабылов Алматы бас санитар дәрігерінің орынбасары болды
Опубликовано:

Бұрынғы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов жаңа қызметке тағайындалды. 20 қарашадан бастап ол оңтүстік астана санитарлық- эпидемиологиялық департамент басшысы орынбасары атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жаңа қызметі жайлы ақпаратты Байғабылов NUR.KZ тілшісіне растады. Ол жұмысқа бүгіннен бастап кіріскен.
Еске салсақ, Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы қызметін Жандарбек Бекшин атқарады. Ол бұл қызметке сәуір айында келген.
Ал көліктегі бас санитар дәрігер болған Сәдуақас Байғабылов қызметке наурыз айында келген. Оған дейін Павлодар облысы бас санитар дәрігері болған. Осы жылдың шілде айында Байғабылов эпидемиологиялық жағдай ушыққан Атырау облысына бас санитар дәрігер болып тағайындалды. Ол бұл қызметте екі апта істеді, көп ұзамай көліктегі бас санитар дәрігер қызметіне оралды.
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімі оңтүстіктен қоныс аударушылардың берілген үйдің сапасына байланысты шағымынан кейін қатаң сөгіс алған. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың тапсырмасы бойынша қызметтік тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде Аққайың ауданында қоныс аударушыларға арналған үйлерді салу кезінде жіберілген бұзушылықтардың дер кезінде жойылмауына байланысты аудан әкімі Рүстем Елубаевқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалған.
Сонымен қатар, әкімдіктің баспасөз қызметі салынған үйлердегі анықталған ақауларды тез арада қалпына келтіру тапсырылғанын атап өтті. "Облыс әкімі аудан басшылары мен мемлекеттік орган қызметкерлеріне мұндай бұзушылықтар үшін атқарып отырған лауазымды қызметінен босатуға дейін жауапкершілікке тарту қарастырылғанын ескертті", - деп хабардар етті СҚО әкімдігі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885685-sduakas-bajgabylov-almaty-bas-sanitar-drigerini-orynbasary-boldy/