Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның алты облысында жарық сөнді: Ноғаев себебін түсіндірді

Опубликовано:

Жарық
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан энергетика министрі Орталық коммуникация қызметінде Қазақстанның бірнеше облысында жарықтың сөну себебін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері жақында елдің алты облысында жарық сөніп қалғанын еске салды. Салдарынан жарты Қазақстан жарықсыз қалды. Осыған байланысты, БАҚ өкілдері келешекте мұндай жайттар қайталанбас үшін ведомство қандай алдын алу шараларын қабылдап жатқанын сұрады.

Ал Нұрлан Ноғаев күтпеген жағдайға тап болғанын мәлімдеді.

"Мұның барлығы техника. Кез келген уақытта күтпеген жағдай болуы мүмкін. Ал сіздер еске салған жағдайға байланысты айтар болсақ: Өзбекстан мен Қазақстан экожүйелерінің арасындағы тепе- теңдіктің бұзылуы", - деді ол.

Айтуынша, энергетиктер олқылықтарды 17 минутта жойған. Ал келесі күні дәл сол облыстарда сымдардың үзілуіне байланысты екі сағатқа жарық сөнген.

"Біздің міндетіміз - осы оқиғаға байланысты бақылау шараларын өткізіп, себептерін анықтау. Нәтижелерін кейінірек қосымша хабарлаймыз", - деді Энергетика министрлігі.

Айта кетейік, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook парақшасында қаладағы ағаштардың заңсыз кесілуі оқиғасына пікір білдірді. Мегаполис басшысының сөзінше, ол жауаптыларды жазаға тарту мәселесін жеке бақылауына алған.

Сағынтаевтың жазуынша, қала әкімдігі ағашты кесуге рұқсат бермеген. Қазір қоршаған ортаға келтірілген шығын мөлшері есептелуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886275-kazakstanny-alty-oblysynda-zaryk-sndi-nogaev-sebebin-tsindirdi/

pixel